Өткен жылы солтүстікке 120 мыңға жуық турист барған

1499

 Олардың басым бөлігі Ресей азаматтары.

Өткен жылы солтүстікке 120 мыңға жуық турист барған

Солтүстік Қазақстан облысы алдағы уақытта қысқы және аңшылық туризмді дамытпақ, деп хабарлайды 24.kz.

Енді болашақта аңшылық орындар біріктірілетін болады. Ал кәсіпкерлер рұқсаттама құжаттарын рәсімдеп жатыр. Осылайша, сайын далада сауық құруға шетелдіктерді шақыру жоспарланып отыр.

Бүгінде аймақта 110-ға жуық туристік нысан бар. Өткен жылы солтүстікке Қытай, Қырғызстан, Германия, Түркия және Ресей елдерінен 120 мыңға жуық турист барған. Олардың басым бөлігі – Ресей елінің азаматтары.

Жалпы аталған салаға былтыр 1 млрд теңгеден астам инвестициялық қаржы құйылған.

"Біз сәтін салса, қысқы және аңшылық туризмді дамытпақ ниеттеміз. Ол үшін солтүстікте барлық жағдай жасалған. Яғни келешекте осы аң аулайтын орындарды біріктіріп, бір жүйеге келтіретін боламыз. Және де қысқы маусымда балық аулау үшін Шал ақын ауданының кәсіпкері Есіл өзені маңында арнайы демалыс орнын тұрғызып жатыр", - дейді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Құралай Жарова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу