Астанада 26 мамыр күні Тәуелсіздік пен А.Пушкин көшелерінің қиылысында жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға салдарынан қаза тапқан баланың анасы әлеуметтік желіде үндеу жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әйел қаза тапқан ұлы туралы естелігімен бөлісті.
"Қайғымыз бен ауыр қасіретімізге ортақтасқан баршаңызға рақмет. Біз ұлымыз Глебтен айырылып қалдық. Ол өте белсенді, өмірсүйгіш, қимылы шапшаң, тынымсыз бала еді. Өмірді жақсы көрді, бәріне үлгеруге асығатын. Бұл жағдай үшін өзімізді де, жүргізушіні де, велосипедті де, аңғалдығымызды да кінәлауға болады... Бірақ енді оның бәрі бекер. Жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі емес. Өткенді кері қайтара алмаймыз... Балалар асығады, абай боламыз деп уәде береді, бірақ айналадағы қауіпті толық түсіне бермейді. Ең қиыны – балаңды құшақтап, оны қаншалықты жақсы көретініңді айта алмайтыныңды түсіну. Ешкімді кінәламаңыздаршы", – деп жазды әйел әлеуметтік желіде.