Өз еліміздің демалыс орындарын таңдайтындар қатары артқан

951

Ел ішінде отбасылық және балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту үшін Қазақстан бойынша балаларға арналған тегін туристік пойыз бен тегін әуе тасымалын іске қосу жоспарланып отыр.  

Өз еліміздің демалыс орындарын таңдайтындар қатары артқан

Қазақстандықтар тек шетелде ғана демалмайды, көшпелі туризм бір жылда 3,8%-ға, ішкі туризм 5,8%-ға өскен, деп жазады energyprom.kz.

Былтырғы жылы ішкі туризм саласында қызмет көрсетілгендер саны бір жыл бұрынғы 5,6 млн-нан 5,9 млн-ға артқан. Оның ішінде орналасқан жерлері бойынша 4,7 млн адамға қызмет көрсетілген.

Шипажай-курорттарда демалғандар саны 296,9 мың адамға жеткен, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында болғандар саны – 871,9 мың адам.

Елімізде балалар-жасөспірімдер туризмін белсенді дамыту жоспарлануда. 2020 жылдан бастап барлық өңір бойынша тегін "Балалар туристік пойызын" іске қосу жоспарланып отыр. Әлеуметтік тұрмысы нашар отбасылар, білім беру байқауларына қатысушылар мен жеңімпаздар, оқу озаттарына басымдық беріледі. Бұл туралы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысында айтқан болатын. Сондай-ақ, Жазғы демалыста ұшақпен екі баланы тегін алып жүруге болады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу