Өзбекстан азаматтарына өтемақы төленді

1002

Өзбекстан азаматтарына өтемақы төленді

Ресейдің Владимир облысында жол апатынан қаза болған өзбекстандықтардың жақындары мен жарақант алғандарға 5 мың рубльден өтемақы төленді. Сонымен қатар, "Российские железные дороги" компаниясы өкілдері қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетті. Бұл ақпаратты Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, жол көлік оқиғасы 6 қазан күні болды. Қазақстандық жолаушылар автобусы темір жолды кесіп өтпек болғанда, көлік сөніп қалып пойызбен соқтығысқан. Автобуста Өзбекстанның 55 азаматы мен қазақстандық екі жүргізуші болған. Көлік тізгінін ұстаған отандастарымыздың біреуі қаза тапты, екіншісі Покров қаласындағы уақытща медицина бекетінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу