Өзбекстанда Quramax барлық дәрі-дәрмектерін сату тоқтатылды

589

Жаңа денсаулық сақтау министрі Амрилло Иноятов дәріханаларға жазған хатында 2022 жылы Quramax компаниясы әкелген барлық дәрі-дәрмектерді сатуды тоқтатуды тапсырды.   

Өзбекстанда Quramax барлық дәрі-дәрмектерін сату тоқтатылды Фото: telega.ph

Сондай-ақ, Ташкент қалалық сотына "ДОК-1 Макс" пен Амбронол" препараттарының сертификаттарының күшін жою туралы талаппен арыз берілді.

Бұл туралы жаңа денсаулық сақтау министрі Амрилло Иноятовтың 2 қаңтардағы хатында айтылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Газеты.uz" тілшісіне сілтеме жасап.

"ДОК-1 Макс" және "Амбронол" препараттарының сапасын тексеру нәтижелері бойынша дәрілік заттардың сапасын бақылау және стандарттау зертханасы шәрбат құрамының нормативтік құжатта көрсетілген талаптарға сай еместігін анықтады. Бұл препараттардың кейбір серияларында пропиленгликольдің орнына немесе онымен бірге этиленгликоль мен диетиленгликоль бар екені анықталды", - делінген хатта.

Балалар өліміне әкелген шәрбат өндірушінің лицензиясы алынғанын еске саламыз. Үндістанның фармацевтикалық өнімдер экспортын жылжыту кеңесі Өзбекстанда 18 баланың өмірін қиған жөтел сиропын өндіруші Marion Biotech Pvt.Ltd компаниясының куәлігін жарамсыз деп таныды.    

Сот отырысы барысында анықталғандай, 2022 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Самарқанд облысының балалар көпсалалы медициналық орталығына 6 жасқа дейінгі жедел бүйрек жеткіліксіздігімен 21 науқас бала түскен, 15-і-үшке де толмаған балалар. Нәтижесінде үш бала емделіп, үйлеріне жіберілсе, қалған 18-і қайтыс болғанын еске саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу