Өзбекстан экономикасы былтыр 5,7% өсім көрсетіп, Қазақстанды артта қалдырды

1118

Өзбекстан экономикасы былтыр 5,7 пайыз өсім көрсетіп, Қазақстанды артта қалдырды. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы баяндамасында айтылған. Көршіміздің экономикасы Орталық Азия елдерінде Қырғызстаннан да басым түскен. 

Өзбекстан экономикасы былтыр 5,7% өсім көрсетіп, Қазақстанды артта қалдырды

2022 Өзбекстан үшін табысты жыл болды. Ел Дүниежүзілік банк болжаған көрсеткіштен 1,4% пайызға жоғары экономикалық өсім көрсетті. Сарапшылар мұны елде жүргізіліп жатқан реформалармен байланыстырады. Анна Бьерденің мәліметінше, соңғы жылдары Өзбекстанда Орталық Азиядағы барлық мемлекеттен көбірек реформа жасалған.

"Өзбекстан Армения, Хорватия, Грузия және Черногориямен қатар Еуропа мен Орталық Азия аймағындағы 23 мемлекет арасында ең жылдам дамып келе жатқан экономикалардың біріне айналды. Биыл елдің ЖІӨ 4,9%-ға артады деп болжап отырмыз. Бұл келесі жылы Еуропа мен Орталық Азия өңіріндегі экономиканың ең жоғары болжамды өсу қарқыны", дейді Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Анна Бьерде. 

Мемлекеттік қарыздың төмен деңгейі мен алтын резервтерінің арқасында Өзбекстанда салыстырмалы түрде күштірек макроэкономикалық тұрақтылық қалыптасқан. Бірақ экономикадағы мемлекеттің үлесі тым жоғары. Оған қоса, бизнеске ең үлкен қауіп төндіретін "бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену" әлі де бар,- дейді өзбекстандық экономист Юлий Юсупов.

"Жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамы мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріледі. Бюджеттен бөлек мемлекеттік шығандар Жалпы ішкі өнімнің 40 пайызына тең. Бұл Өзбекстан сияқты дамушы ел үшін тым үлкен сандар. Халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болатындай бизнеске жағдай жасау үшін оның бәрін азайту керек. Жеке мүлікті қорғауды да жаңа деңгейге көтерген жөн. Әрине, қазір 5 жыл бұрынғыдай бассыздық жоқ. Бірақ жоғары соттың тәуелсіздігіне кепілдік берілуі тиіс", дейді экономист Юлий Юсупов.

Дүниежүзілік банктің алдағы 2 жылға болжамына сай Өзбекстанның экономикалық көрсеткіші 0,4% процентке төмендеуі мүмкін. Оған жоғары инфляция мен инвестициялардың азаюы салдарынан әлемдік экономиканың баяулауы себеп. Сонымен қатар, гео-саяси жағдайға байланысты тауар айналымы тізбегінің үзілуі де аймақ экономикасы айтарлықтай кері әсер етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу