Өзбекстан қазан айында алтын сатудан әлемдік көшбасшы атанды

522

Ел резерві 11 тоннаға қысқарып, 339 тонна болды.    

Өзбекстан қазан айында алтын сатудан әлемдік көшбасшы атанды Фото: Elements Envato

Қазан айында Өзбекстан алтын сатудан бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты World Gold Council ұйымына сілтеме жасап. Ел резерві 11 тоннаға қысқарып,  339 тонна болды.

Қазан айында орталық банктер әлемдік алтын қорын 42 тоннаға арттырды. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 41%-ға аз, бірақ 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы орташа көрсеткіштен 23%-ға жоғары.

Ірі алтын сатып алушылар: Қытай Халық банкі (23 тонна), Түркияның Орталық Банкі (19 тонна) және Польшаның Ұлттық Банкі (3 тонна).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу