Өзбекстан Мақтаарал және Жетісайға су жіберу көлемін ұлғайтты

1082

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев Ташкентте Өзбекстан Республикасының Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраевпен кездесу өткізді.

Өзбекстан Мақтаарал және Жетісайға су жіберу көлемін ұлғайтты

М. Мырзағалиев пен Ш. Хамраев Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысындағы су жағдайын жақсарту жөніндегі бірлескен шараларды талқылады, деп хабарлайды  inbusiness.kz ҚР ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан үшін "Достық" мемлекетаралық арнасы бойынша Түркістан облысының Мақтаарал және Жетісай аудандарының фермерлері үшін су жіберу көлемі 80-нен 90 м3/с дейін ұлғайтылды.

Сондай-ақ, Шардара су қоймасына келетін ағынды арттыру бойынша бірлескен шараларды жалғастыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы Келісімнің жобасы талқыланды.

Тараптар осы жылдың соңына дейін Келісім жобасын келісу рәсімдерін аяқтау ниеттері бар екенін растады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу