Өзбекстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері кездесті

1123

Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ары қарайғы достық қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады.

Өзбекстан мен Қазақстан Сыртқы істер министрлері кездесті

Берлинде өткен "Жасыл Орта Азия" халықарарлық конференциясында Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов пен Қазақстанның сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту мақсатында кездесу өткізді, деп хабарлады Интерфакс-Қазақстан. 

"Тараптар Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы ары қарайғы достық қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады. Оның маңызды кезеңі Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиеевтің Қазақстанға жоспарлаған ресми сапары болмақ", – делінген хабарламада. 

Министрлер 2019 жылы 29 қарашада Ташкентте өткен Орта Азия елдері барсшыларының Консультатиялық кездесуі нәтижесін жоғары бағалап, саммит қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің жүзеге асыру мен аймақтық интеграцияны алдағы уақытта дамыту мәселелерін қозғады. 

Сонымен қатар қос ел ведомства басшылары 3 ақпанда Ташкентте өтетін Орта Азия мен АҚШ-тың сыртқы істер министрлерінің "5+1" форматындағы кездесуін талқылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу