Өзбекстан теңдессіз әрі тарихи құрылысты бастауға жақын қалды

Бұл туралы күні кеше Душанбеде өткен "Орталық Азия – Ресей" екінші саммитінде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді.  

Өзбекстан теңдессіз әрі тарихи құрылысты бастауға жақын қалды Фото: Yep.uz

Көп ұзамай Өзбекстанның Жызақ облысында елдің алғашқы АЭС-қа арналған реактор қондырғысының құрылысы іске асырыла бастайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Алдағы күндері тарихи оқиға болады. Өзбекстанда атом электр станциясының алғашқы реактор қондырғысын және ядролық медицинаның көпсалалы орталығын салу бойынша бірлескен жобалардың іске асырылуына бастау беріледі, – делінген Өзбекстан президентінің сайтындағы мәлімдемеде.

Ш.Мирзиёевтің сөзінше, Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы энергетикалық ынтымақтастық аймақтың тұрақтылығы мен орнықтылығының маңызды факторы болып қала береді. Сондай-ақ, ол Душанбенің де, Мәскеудің де стратегиялық жобаларды – газ құбырларын және энергетикалық инфрақұрылымды дамыту бастамаларын бірлесе жүзеге асырып жатқанын еске салды. 

Бұған дейін "Өзбек ағайын әлемде тұңғыш болып үлкен тәуекелге барғалы тұр" деген тақырыпта мақала жариялаған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу