Өзбекстанда 170 мыңнан астам балаға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

768

Вакциналау процесі бір ай бұрын басталды.

Өзбекстанда 170 мыңнан астам балаға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Өзбекстанда 170 мың балаға COVID-19 дертіне қарсы екпе салынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Коронавирусқа қарсы ерікті вакциналау процесі көршілес елде бір ай бұрын басталды. Қазір 12-18 жас аралығындағы балалар препарат қабылдап жатыр. 

Денсаулық сақтау министрлігінің нақты мәліметіне сүйенсек, осы күнге дейін вакцина қабылдаған 176 791 жасөспірімнің екпе салдырғаны тіркелді.Олар вакциналаудың кез келген пунктінде ата-ана мен қамқоршының келісімімен екпе салдыртуда. Вакциналау үшін Pfizer / Biotech неміс екпесі қолданылып жатыр. Бұл процесс 28 қыркүйекте басталған еді.

Табиғат Нұрболат

Фото: aa.com.tr

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу