Өзбекстанда әскер қоймадағы жарылыс дүмпуі Мақтаарал ауданына жеткен

712

Осыған байланысты комиссия өз жұмысын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.    

Өзбекстанда әскер қоймадағы жарылыс дүмпуі Мақтаарал ауданына жеткен Фото: aa.com.tr

Ауданда құрылған төтенше жағдайлар комиссиясы шұғыл түрде Жамбыл, Бірлік, Иіржар, Еңбекші ауылдық округтері мен Атакент кенті бойынша зардап шеккен әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің бар-жоғын анықтау бағытында жұмыстар жүргізіп жатыр.

"Бүгін Мақтаарал ауданы әкімі аппаратында жедел штаб отырысы өтті. Өзбекстан Республикасы тарапынан беріліп жатқан ақпарат көздеріндегі мәліметтерге сәйкес, қазіргі таңда Мақтаарал ауданының тұрғындарына қауіп жоқ" – делінген Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.

Бұған дейін хабарланғандай, түнде Өзбекстанның Сырдариядағы әскери қоймасында жарылыс болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу