Өзбекстанда бала туу көрсеткіші төмендеп келеді

95

Көршілес елде екі жыл қатарынан бала туу көрсеткіші азайды.    

Өзбекстанда бала туу көрсеткіші төмендеп келеді Фото: ipaknews.uz

Өзбекстан ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, шаңырақ көтеретіндердің де саны жылдағыдан 272 мыңға кеміген. Бұл кейінгі 10 жылда тіркелген ең төменгі көрсеткіш болып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Сарапшылар мұның бірнеше себебі барын айтады. Біріншісі: әлеуметтік жағдай болса, екіншісі қыздардың ерте тұрмыс құру үрдісі төмендеген. Бұған бала туғанда берілетін кейбір қаржылай көмектің қысқаруы да әсер еткен.

Биыл тәуелсіз Өзбекстан тарихында тұңғыш рет жалпыхалықтық санақ науқаны өтіп жатыр. Еріктілер үй-үйді аралап, адамдарды тіркеуге алады. Жалпыхалықтық санақ бұл тұрғындардың санын ғана емес, әлеуметтік статусын анықтауға мүмкіндік бермек.

Ұлттық ститистика комитетінің мәліметінше, былтыр 879 мың сәби дүниеге келген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5 пайызға кем. Сарапшылар бұл жағдайды 90-жылдардағы демографиялық құлдыраумен салыстырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу