Өзбекстанда балалар өліміне әкеп соқтырған "ДОК-1 Макс" препарат елімізде сатылмайды

538

Денсаулық министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстанда "ДОК-1 Макс" препараты сатылмайтынын жария етті деп жазады inbusiness.kz

Өзбекстанда балалар өліміне әкеп соқтырған "ДОК-1 Макс" препарат елімізде сатылмайды

"ДОК-1 МАКС" препараты Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмеген, тиісінше сатуға жатпайды. Бұған дейін дәріхана желілерінің сайттарында препараттың болуы туралы ұқсас ақпарат бар болған, алайда кәсіпкерлік субъектілері тарапынан бұл хабарламалардың жалған екені туралы ресми түсіндірме хаттар алынды, "ДОК-1 МАКС" сауда атауы бар препарат дәріхана желісінің қолында және сатылымында жоқ. ҚР-дағы ірі дәріхана желілері мен дәрілік заттар дистрибьюторларының ресми деректері бойынша препарат жоқ және республика бойынша сатылмайды деп ресми мәлімдейміз" делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаменттері "ДОК-1 МАКС" препараты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы субъектілермен бірнеше рет жедел түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

"Республика аумағында "ДОК-1 МАКС" препараты анықталған жағдайда "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің өз иелігіндегі жарамсыз болып қалған, жарамдылық мерзімі өткен дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, жалған және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін басқа да дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жою қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына №ҚР ДСМ-155/2020 сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қолданылады" делінген хабарламада.

Естеріңізге саламыз, бұған дейін Өзбекстан Республикасында "ДОК-1 Макс" препаратының таблеткалары мен сиропын қабылдаған 18 баланың қайтыс болғаны  туралы ақпарат таратқан болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу