Өзбекстанда Қазақстан азаматы жол апатынан көз жұмды

1430

Тағы 5 қазақстандық зардап шекті.

Өзбекстанда Қазақстан азаматы жол апатынан көз жұмды

Ташкент – Термез тас жолында орын алған жол-көлік апатында 5 қазақстандық азамат зардап шегіп, ал бірі қаза болды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

"Өзбекстанның Сырдария облысындағы Ташкент-Термез тас жолында жеңіл автокөлік және КамАЗ жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды. Апат нәтижесінде 7 адам зардап шекті, олардың 6-ы - Қазақстан азаматы. Қазақстан Республикасының бір азаматы оқиға орнында қайтыс болды. Зардап шеккендердің арасында 2008 және 2010 жылы туған екі бала бар",делінген хабарламада.

ҚР СІМ Қазақстан елшісінің бұл мәселені жеке бақылауына алғанын,. қазақстандық дипломаттар тиісті көмек көрсету үшін оқиға орнына жеткендігін хабарлады.

"Қазақстан және Өзбекстан денсаулық сақтау министрліктері тікелей байланыс орнатқан. Өзбек тарапы зардап шеккендерге қажет көмек көрсету үшін Ташкенттен медицина мамандарын жіберді",– дейді ведомстводан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу