Өзбекстанда Қазақстанның үш азаматы көз жұмды

948

Науаи облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан үш қазақстандық мерт болды.

Өзбекстанда Қазақстанның үш азаматы көз жұмды

Өзбекстан Республикасының Науаи облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2019 жылдың 3 тамызында Науаи облысы Нұратин ауданындағы "Нұрата-Жизақ-Фариш" автожолының 136-шақырымында "Нексия" автокөлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, "Исузу" жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте жүргізушімен бірге 7 адам отырған. Оның екеуі бала", – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Соқтығыс салдарынан оқиға орнында Қазақстан Республикасының 3 азаматының (1952, 2013 және 2016 жылы туған) көз жұмғаны хабарланып отыр.

"ҚР-ның тағы үш азаматы айтарлықтай жарақат алып, Нұратин ауданының Медициналық мекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілді. Бүгінгі таңда олардың бәрі есін біліп жатыр. Бірақ жағдайлары ауыр", – деді ведомстводан.

Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтар мен олардың туған-туыстарына барынша көмек көрсетуде.

"Көз жұмған және зардап шеккен ҚР азаматтарының бәрі де Өзбекстаннан көшіп келген азаматтар. Бәрі бір-біріне туыс. Осыған байланысты туған-туыстары ажал құшқандарды Өзбекстан аумағына жерлеу туралы шешім қабылдап отыр", – деп хабарлады ҚР СІМ-нен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу