Өзбекстанда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

922

Өзбекстанда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды

Өзбекстанда президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру 24 қарашада басталып, 2 желтоқсанға дейін жалғасады. Бұл туралы республиканың ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап "Интерфакс" жазып отыр.

 "Заңға сәйкес,  дауыс беру сайлауға он күн қалғанда басталып,  бір күн қалғанда аяқталады",  деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Айтуларынша, сайлау күні тұрғылықты мекенжайында бола алмайтын  сайлаушының мерзімінен бұрын дауыс беруге құқы бар.

Айта кетейік, Өзбекстанда президент сайлауы 4 желтоқсанда өтеді. Сайлау науқаны  9 қыркүйекте басталды. ОСК мәліметі бойынша, республикаа 9,381 мың сайлау учаскесі құрылған. Сайлауға 21 435 мың азамат қатысады деп болжанып отыр.

Өзбекстанда ресми жұмыс істейтін барлық төрт саяси партия сайлауға қатысу үшін өз үміткерлерін тіркеген болатын.

Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы президентке үміткер ретінде мемлекет басшысының міндетін атқарушы Шавкат Мирзиевті, Миллий тикланиш" партиясы – парламенттің төменгі палатасы спикерінің орынбасары Сарвар Отамурадовты, Халықтық-демократиялық  партия мен "Адолат" социал-демократиялық партиясы  өз лидерлері Хотамжон Кетмонов пен Наримон Умаровты ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу