Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанда өтеді

949

Саяси доданың бұл мерзімге белгіленуі одан кейінгі саяси іс-шараларды уақытылы ұйымдастыру үшін жасалып отыр.

Өзбекстанда президент сайлауы 24 қазанда өтеді

Өзбекстанда кезекті президент сайлауы 2021 жылдың 24 қазанында өтеді. Бұл туралы ел парламентіндегі төменгі палатаның бірінші вице-спикері Акмаль Саидов хабарлады.

"Заң шығару палатасы дайындаған заң жобасына сәйкес, президент сайлауы желтоқсанның соңғы он күніндегі алғашқы жексенбісінде емес, 24 қазанда өтеді", – деді Саидов.

Өткен аптада парламенттің төменгі палатасы осы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдаған еді. Саяси доданың ертерек ұйымдастырылуы одан кейінгі саяси іс-шараларды кешіктірмеу үшін жасалып отыр. 

Еске сала кетсек, соңғы сайлау Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың қайтыс болуына байланысты 2016 жылдың 4 желтоқсанында мерзімінен бұрын өткен еді. Оған республикадағы төрт саяси партияның үміткерлері қатысты. Саяси тартыста Либералдық-демократиялық партиясы ұсынған Шавкат Мирзиеев жеңіске жеткен болатын. 

Өзбекстан президентінің өкілеттік мерзімі – бес жыл.

Табиғат Нұрболат

Фото: centralasia.media

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу