Өзбекстанда жолдарға камера орнатқан кәсіпкерлер айыппұлдың 50%-ын алуы мүмкін

472

Өзбекстан жол инфрақұрылымын цифрландыруға жеке бизнесті тартпақ. Ташкент әкімдігі осындай бастама көтерді. 

Өзбекстанда жолдарға камера орнатқан кәсіпкерлер айыппұлдың 50%-ын алуы мүмкін Фото: tengrinews.kz

Оған сай, кәсіпкерлер жол ережелерін бақылайтын арнайы камералар орнатуы тиіс. Сол жүйе тіркеген тәртіпсіздіктер үшін айыппұлдың 50 пайызын бизнесмен алады. 

Өзбекстанда жолдағы тәртіпсіздіктерді хабарлап табыс табатындар көп. Өйткені камера аз. Енді ел билігі ақшаны әркімге емес бизнесмендерге беруді шешті. 

"Цифрлық жол" жобасы конкурстық негізде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүргізілетін болады. Бір ұйымммен келісімшарт 30 жылға жасалады. Кәсіпкер камералардың көмегімен тіркелген бұзушылықтар үшін айыппұлдардың 50% пайызы мен ақылы тұрақ үшін төлемдердің 70%-ынан жарна алады. Қалған қаражат қалалық бюджетке және сенімгерлік қорларға кетеді, дейді Өзбекстан Көлік министрлігі жобалық кеңсесінің басшысы Мурод Обидов. 

Бұл бастаманың тағдыры осы аптаның ішінде шешіледі. Ал былтырдан бері Өзбекстанда жол ережесін бақылайтын камераларды көлік министрлігі емес әр өңірдің әкімдігі орнататын болды. Осылайша айыппұлдардың 30 пайызы жергілікті бюджетке кетеді. Әкімдіктер жол камераларына арналған жерді сатудан да ақша тауып отыр. Жарты жылда осы мақсатта 8 миллон долларға учаске сатылған. Кәсіпкерлер болса, цифрлық жүйені орнатып күтіп ұстағаны үшін қаржы алады. Айта кетсек, әр қала қандай жүйені кімнен аларын өзі шешеді. Мәселен Ташкенттен кейінгі ең ірі қала Наманған әкімдігінің таңдауы Қазақстандық "Сергекке" түскен. 

"Жүйеміз сертификаттау талаптарынан өтті. Барлық стандартқа сай. Экспортқа шығарылып жатыр. Наманганда 18 бейнабақылау кешені орнатылды. Алдағы уақытта басқа да елдің нарықтарына шығамыз. Кезекте Тәжікстан бар", деді Жоба жетекшісі Ерлан Ерболатов. 

Бұл Орталық Азиядағы ең рі базарлардың бірі Чорсуға апарар жол. Мұнда шілдеден бері "Новаи дәлізі" пилоттық жобасы жұмыс істеп тұр. Орнатылған әр камера өтіп бара жатқан көліктердің саны мен түрін анықтап, деректекрді "ақылды" бағдаршамдарға жібереді. Интелектуалды жүйенің арқасында қиылыстағы орташа жылдамдық 8 шақырым сағаттан 30-ға дейін көтерілген. Ташкентте 3 миллонға жуық халық, 700 мыңнан астам көлік бар. Сондықтан қала билігі жолдағы кептелісті трассаларды кеңейтумен емес осындай цифрлық жүйелермен шешпек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу