2026 жылдың алғашқы үш айында Өзбекстаннан Қытайға Қазақстан аумағы арқылы 76 контейнерлік пойыз жөнелтілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Аталған кезеңде "Қорғас – Алтынкөл" мемлекетаралық теміржол өткелі арқылы Қытайға өзбек өнімдері тиелген 4992 контейнер жеткізілген.
Олардың қатарында минералды тыңайтқыштар, калий, алюминий, маш және полиэтилен бар.
Бұл бағыттағы контейнерлік теміржол тасымалының негізгі көлемін "Сергели", "Ташкент", "Чукурсой", "Назарбек" және "Жалаир" логистикалық орталықтары қамтамасыз етті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу