Өзбекстанның Хиуа қаласы 2020 жылы түркі елдерінің мәдени астанасы болады

1485

Қырғыз елінің Ош қаласында Халықаралық түркі мәдениеті мен өнерін бірлесіп дамыту (ТҮРКСОЙ) ұйымының мәдениет министрлерінің 37- отырысы өтті.

Өзбекстанның Хиуа қаласы 2020 жылы түркі елдерінің мәдени астанасы болады

Еліміз атынан қатысқан Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов  ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өтуге арналған жобамен таныстырды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Таныстырылымнан соң ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов пен өзге де ұйым мүшелері 2020 жылды түркі тілдес елдерде ұлы ақынның мерейтойын атап өтуді бірауыздан қолдады.

Сондай-ақ, басқосуға жиналғандар осы жылы бауырлас мемлекеттер арасындағы мәдениет, өнер саласындағы байланыстар жайын талқылады.

Отырыс қорытындысына сай 2020 жылы түркі елдерінің мәдени астанасы ретінде Өзбекстанның Хиуа қаласы танылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу