Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– Қазіргі уақытта біздің азаматтар Қырғызстанға ID-картамен (жеке куәлік – ред.) еркін бара алады. Енді осындай тәртіпті Қазақстан және Тәжікстанмен шекараларда енгізу жоспарланып отыр, – деді ол.
Өзбекстан басшысы Орталық Азия мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жайын айта келе, көршілік байланысқа да тоқталған.
– Келесі жылы елімізде өтетін "Орталық Азия бестігінің" кездесуі осы байланыстарды нығайтуға бағытталған үлкен қадам болмақ, – деп сөзін жалғастырған Өзбекстан президенті.
Бұған дейін Өзбекстанға қазақтардан да көп баратын ұлт туралы жазған едік.