Шетелдік азамат қазір қамауға алынған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Алматыдағы Бұқар жырау көшесінде болған. Қолына пышақ ұстаған жалаңаш ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
– Ол – 1990 жылы туған шетел азаматы. Ұстау кезінде өзін оғаш ұстап, іс-әрекетіне қатысты мардымды түсініктеме бере алмады. Аталған азаматтың осы учаскеде орналасқан ұйымдарға ешқандай қатысы жоқ, – делінген хабарламада.
Полиция күдіктінің қабылдау-тарату орнына қамалғанын хабарлады. Шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған.
Қазір тексеру амалдары жүргізіліп жатыр, процестік шешім содан соң қабылданады.
Бұған дейін Алматыда қызға шабуылдаған ер адам ұсталған еді.