Пәкістандағы жол апатынан 24 адам қаза тапты

770

Пәкістандағы жол апатынан 24 адам қаза тапты

Пәкістандағы Пенджаб провинциясында көпірден өтіп бара жатқан автобус құлап, 24 адам қаза тапты, 50-і жарақаттанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кохаттан Рейвиндке бара жатқан автобус  45 метр биіктіктен құлаған. Жол апаты  провинцияның шығысында орналасқан Талаганг елді мекеніне жақын маңда орын алған.

Құтқарушылардың ақпаратына қарағанда, автобусқа шамамен 80-ге жуық адам мінген.  24 адам оқиға орнында көз жұмса, жарақат алғандардың 18-інің жағдайы өте ауыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу