Пәкістанда тасқын салдарынан қаза тапқандар саны көбейіп, ауру өршіді

857

Қаза тапқандар саны 1,2 мыңнан асқан.

Пәкістанда тасқын салдарынан қаза тапқандар саны көбейіп, ауру өршіді

Пәкістандағы тасқын салдарынан қаза тапқандар саны 1,2 мыңнан асты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Associated Press-ке сілтеме жасап. 

Сонымен бірге зардап шеккен аудандарда судан түрлі ауру тарап, әсіресе тері мен ішек инфекциясы өршіген. Бұл туралы Пәкістанның Денсаулық сақтау қызметі мәлімдеді.

Жалпы тасқын 33 миллион адамға әсер етті, шамамен бір миллион тұрғын үй қирады немесе бұзылды. Бастапқы есептеулер бойынша шығын 10 миллиард долларға бағаланады.

Пәкістанға халықаралық көмек жалғасуда. Жұма түні БАӘ-ден тағы гуманитарлық көмек келді. Бұл – тоғызыншы ұшақ.

Бұған дейін Пәкістан Премьер-Министрі Шахбаз Шариф соңғы онжылдықтардағы ең қатты нөсер жаңбыр жауып, қатты су тасқынына әкеліп соқтырғанын айтқан болатын.

Пәкістан билігінің мәліметінше, биыл су тасқыны жағдайы 1,7 мың адам қаза тапқан 2010 жылға қарағанда анағұрлым ауыр.

Қазақстан гуманитарлық көмек көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу