Пан Ги Мун президенттікке үміткерлердің ішінде озып келеді

997

Пан Ги Мун президенттікке үміткерлердің ішінде озып келеді

Қызметтік міндеттері 31 желтоқсанда аяқталатын БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Оңтүстік Кореяда мерзімінен бұрын өтетін президенттік сайлау кандидаттары арасында қара үзіп келеді. Бұл туралы Корея Республикасында жүргізілген сауалнамадан белгілі болды, деп жазады 24Хабар.

Real Meter агенттігінің хабарлауынша, қазір тізім бойынша Пан Ги Мун оппозицияның бұрынғы лидері Мун Чжэ Иннан озып кеткен.  Жалпы халықаралық деңгейде танымал дипломат, Оңтүстік Корея жерінің тумасы Пан Ги Мун өзінің ендігі өмірін туған жертін көркейтіп, халықтың әл-ауқатын арттыруға арнағысы келетінін айтқаннан кейін оның рейтингі жоғарылады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу