Пандемия 3 жылдық мораторидің әсерін бәсеңдетіп кетті – Абылай Мырзахметов

708

Карантин кесірінен кинотеатрлардың табысы 50 пайызға азайған.  

Пандемия 3 жылдық мораторидің әсерін бәсеңдетіп кетті – Абылай Мырзахметов

Шағын және микробизнеске арналған 3 жылдың салық мораториі жеке кәсіпкерлердің пандемияны еңсеруінде басты тірек болды. "Атамекен" ҰКП басшысы Абылай Мырзамехметов бұл сөзін нақты статистикамен дәлелдеі.

"2019 жылы Мемлекет басшысы шағын және микробизнесті қолдау саласында салықтық жеңілдіктер енгізуді тапсырған болатын. Соның аясында жарияланған мораторий ірі немесе орта кәсіпорындарға емес, шағын және микробизнес нысандарына берілді. Олар бізде көп, 89 пайыздан астамы жеке кәсіпкерлер болып саналады. 3 жылға мораторий белгіленді. Бірақ осы мораторий күшіне енгеннен бастап, пандемия басталды. Сондықтан қазір барлық кәсіпкерлердің ахуалы пандемияға тәуелді болып отыр. Әрине, мораторий жарияланғаны өте орынды болды. Өйткені көптеген кәсіпкерлер, әсіресе қызмет көрсету саласында, салық түгіл жұмысшыларына айлық төлей алмай отыр. Кеше мен статистиканы қарап шықтым. Кинотеатрлар  мен кинопарктердің табысы былтырғыға қарағанда 50 пайыздан астам төмендеген. Сауда орталықтарындағы атракциондардың табысы 70 пайызға дейін азайған. Мұндай жағдайда салық төлеу мәселесі қиндайтыны түсінікті. Қазір мораторий экономикаға үлкен өсім берді деп айта алмаймын. Қайта шағын кәсіпкерлердің осындай қиын кезеңде салық төлеу мен тексеруден босатылғаны пандемия қасіретін жеңіл өткізуге жағдай жасап отыр деп айтар едім", – деді  палатаның басқарма төрағасы.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу