Пандемия кезінде көз жұмған Ұлттық ұланның 2 сарбазы орденмен марапатталды

944

Тәуелсіздік жылдары 25 сарбаз қызмет бабында қайтыс болды.  

Пандемия кезінде көз жұмған Ұлттық ұланның 2 сарбазы орденмен марапатталды

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Оның айтуынша тәуелсіздік жылдары Ұлттық ұланның 214 әскери қызметшісі мемлекеттік наградалармен мапаратталған. Оның ішінде 25-і қызмет бабында көз жұмған. 

"Ұлттық ұлан – патриоттық пен ерліктің мектебіне айналды. Жүктелген міндеттерді орындау кезінде біздің әскерилер қырағылық танытуда. Біз мақтан тұтатын сарбаздар жетерлік. Пандемия кезінде ерлік танытып, жанкештілік көрсеткені үшін 2 әскери қызметкер көз жұмағаннан кейін мемлекеттік орденмен марапатталды. 52 әскери қызметкерге "Халық алғысы" медалі тапсырылды",– дейді Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу