Пандемия жемқорлыққа жол ашты ма?

516

Денсаулық сақтау министрлігінің 6 қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды.  

Пандемия жемқорлыққа жол ашты ма?

Денсаулық сақтау министрлігіндегі ұстаулар бойынша ақпарат алу үшін Құқықтық статистика комитетіне хабарластық, деп хабарлайды Atameken Business.

Олардың мәліметіне сүйенсек, осы жылдың 9 айында жемқорлыққа жол берді деген күдікке 6 лауазымды тұлға ілінген. Оның 4-еуі сотталды. Екеуі қызметтік бабын асыра пайдаланса, біреуі пара алып қамалған. Біреуі алаяқтық жасаған. Сөйтіп денсаулық сақтау саласында 6 адам жемқорлыққа жол берді деген күдікке ілінген. Тағы бірнеше адамға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

Соңғы кезде әрекеттері қоғамда қызу талқыланғандарына тоқталып кетсем. Айбатыр Жұмағұлов – Медициналық сақтандыру қорының бұрынғы басшысы және СК-Фармацияның экс-басшысы – Берік Шәріп. Екеуін де мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронадағдарыс жағдайында жұмыстарын дұрыс атқармады деп сынап, қызметтерінен босатуды тапсырды. Өздеріңіз білетіндей, тамыздың бірі күні Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олжас Әбіш ұсталды. Ол 1,5 млн АҚШ долларын қолды қылды деп айыпталуда. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Пандемияның салдарынан қызметінен кеткендердің бірі –Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болған Людмила Бюрабекова.

Тамызда өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте Президент нақты сандарды келтірген еді. Мемлекет басшысы "Өткен жылмен салыстырғанда жемқорлық әрекеттері үшін жауапқа тартылған адамдардың саны 11 пайызға артқан, яғни 820-дан 912-ге өскен. Transparency International ұйымының 2019 жылы өткізген сауалнамасының қорытындысы бойынша азаматтардың 28,7 пайызы мемлекеттік ауруханалар мен емханаларды сыбайлас жемқорлықтың ордасы деп атаған. Бұл басқа мемлекеттік мекемелермен салыстырғанда әлдеқайда жоғары" – деді де, "Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің барлық бағыттағы жұмыстарына жаңа серпін беру керек" екенін айтты. Яғни жемқорлыққа қарсы белсенді күрестің соңы науқаншылыққа ұласып кетпеуін ескертті.

Ендеше қазіргі жаппай ұстаулар – науқаншылық емес пе? Неге шенеуніктер жиі қамалып, жемқорлық жасайтын болды? Пандемияға қарсы бөлінген қаржыны қалай бақылауымыз керек? Сан-сауалдың жауабын дәл қазір скайп арқылы байланысқа шыққан мамандардан аламыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу