Пандемияда экономиканы қолдауға 6,3 трлн теңге бөлінген

1046

Коронавирус өршіген кезде отандық кәсіпорындарға 977 млрд теңге жеңілдетілген қарыз берілген.

Пандемияда экономиканы қолдауға 6,3 трлн теңге бөлінген

Қазақстанда дағдарысқа қарсы шараларға 6,3 трлн теңге бөлінген, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

2020 жылы тұрғындарды коронавирустан қорғану үшін Қазақстанда отандық экономикаға теріс әсерін тигізетін ұзақ мерзімді карантин шектеулерін енгізуге тура келді. Салдарынан бизнес пен тұрғындардың экономикалық белсенділігі айтарлықтай төмендеді. Көптеген кәсіпорын өндірісті қысқартуға немесе сұраныстың болмауынан жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды.

2020 жылдың басынан 2021 жылғы наурызға дейін іскерлік белсенділік индексі төмен болды. Пандемияда Президент экономиканы қолдауға тапсырма берді. Дағдарысқа қарсы шараларға 6,3 трлн теңге бөлінді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындаған ведомстволардың бірі – Ұлттық банк. Реттеушінің салымы – 2,3 трлн теңге немесе дағдарысқа қарсы шаралар көлемінің үштен біріне тең болды. Отандық кәсіпорындарға 977,2 млрд теңгеге 3 362 жеңілдетілген қарыз берілді.

Бұл экономиканың басымдық берілген салалары өңдеу өнеркәсібі және агроөнеркәсіп кешеніндегі қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарға өндірістік әлеуетті сақтауға мүмкіндік берді.

1,5 мың кәсіпкер қолдаудың арқасында іскерлік белсенділігін сақтап қалды және 95 мыңнан аса тұрғын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді. Ұлттық банк бөлген 1,1 трлн теңге есебінен 11,5 мыңнан аса жобаны қаржыландырылды.

Экономика өсімі қалпына келгеннен кейін Ұлттық Банк мемлекеттік қолдау бағдарламаларынан біртіндеп шыға бастады. Бұл нарық заңдылығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу