Пандемияға байланысты зергерлік бұйымдардың сатылымы 95%-ға төмендеген

1071

Биылғы қаңтар-қараша айлары аралығында қазақстандық компаниялар 719,4 млн теңгенің алтын бұйымдарын шығарған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 7,6%-ға артық көрсеткіш, деп хабарлайды energyprom.kz

Пандемияға байланысты зергерлік бұйымдардың сатылымы 95%-ға төмендеген

Бірақ пандемияға байланысты жалпы зергерлік бұйымдардың сатылымы елімізде 95%-ға төмендеген. Әсіресе, бағалы тасы бар әшекейлердің өндірісі көбірек шығын көрген. Шеберлер алтынды қазақстандық кәсіпорындардан гөрі ломбардтардан биржалық бағамен сатып алуды пайдалырақ санаған.

Зергерлердің айтуынша, мемлекеттен шикізат сатып алу тиімсіз, себебі, осыдан бірнеше жыл бұрын олар бұйымға қосқан бағаның үстінен салық төлеуге мәжбүр болған. Сондықтан шеберлер асыл бұйымдарды арзан жерден сатып алып, оны өңдеп, қайтадан сатқанды әлдеқайда тиімді санайды.

Дегенмен де Қазақстан кәсіпорындары алтынмен апталған зергерлік бұйымдарды өндіруді тоқтатқан жоқ. Қайта бұл саладағы өндіріс көлемі былтырғымен салыстырғанда 7,6%-ға артқан, бағасы да қымбаттаған. 

2020 жылдың қараша айындағы жағдай бойынша, еліміздегі дүкендерде алтынның бір грамы 19, мың теңгені құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға көп. Ең қымбат алтын Қазақстанның ірі қалаларында, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласында (бір грамы – 24,8 мың теңге),  содан кейін Көкшетауда (24,5 мың теңге) және Павлодарда, мұнда бір грамм алтын 22,7 мың теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу