Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтылды, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.
"Пандемияға қарамастан, қалыптасқан байланыстардың арқасында біз импорттық мал әкеліп жатырмыз. Бізде шетелдік мал жеткізуші ZVE Zuchtvieh-Export-пен және мал ұстаудың заманауи озық технологияларын енгізушілермен тұрақты байланыс бар. Алдағы уақытта, шамамен, 10 мың асыл тұқымды сиыр алып келуді көздеп отырмыз", – деді СҚО әкімінің орынбасары Марат Тасмағанбетов.
Оның айтуы бойынша, әкелінетін мал өңір жағдайына бейімделген және жоғары өнімді болып есептеледі.
"Бұл мультипликативті әсер береді. Мысалы, жергілікті халық көбірек жұмыспен қамтыла бастады. Бір ферманың құрылысы кезеңінде нысанда 50-60-тан астам адам жұмыс істейді, құрылыс аяқталғаннан кейін тұрақты еңбек орындарымен 40-қа жуық адам қамтамасыз етіледі. Іс жүзінде фермалар ауылдағы жүйе құраушы кәсіпорындарға айналады",– деді Тасмағанбетов.
Тасқын Болатұлы