2020 жылдың қаңтар және шілде айларында парақорлыққа қатысы бар 877 құқық бұзу фактісі тіркелді, өткен жылғы көрсеткіштен 3,2%-ға артық. Бұл туралы Ranking.kz басылымы хабарлады.
Шілде айында 56 құқық бұзушылық тіркелген, былтырғыдан 69,7%-ға көп. Бірақ маусымдағыдан екі есе аз.
Соңғы жеті айда жемқорлық фактісі ең көп тіркелген өңір — Батыс Қазақстан облысы. 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 2,1 есе артып, 100-ге жетті. Одан кейінгі орындарда Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы. Әр өңірде 75 құқық бұзушылық тіркелген.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу