Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындары кезінде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі де растады.
"Өкінішке қарай, Парижде Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннен айырылып қалдық. Оның кенеттен жүрегі тоқтап, қайтыс болды", - деді ҚР Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп.
Айта кетейік, Ерден Рашидұлы Алматының спортын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу