"Пәтер ішіне 39 таблетка қойып, кетіп қалған": Ақтаудағы оқиғаға қатысты тың дерек шықты

2523

Әйел адам дәріні Алматыдағы базардан сатып алған.

"Пәтер ішіне 39 таблетка қойып, кетіп қалған": Ақтаудағы оқиғаға қатысты тың дерек шықты Фото: inbusiness.kz

Қандалаларға қарсы дәрі себу кезінде әйел адам шығу тегі белгісіз дәріні қолданған. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Әсима Жарылғасова айтты, деп жазады inbusiness.kz lada.kz порталына сілтеме жасап.

Мамандар эпидемиологиялық тексеру жүргізген.

"Пәтер иесі үй ішіне 39 таблетка қойып, бұл туралы ешкімге айтпастан кетіп қалған. Мамандар өңдеу жүргізілген пәтерде және улану болған пәтерде ауаны өлшеді. Эпидемиологиялық тергеу барысында екі пәтерде де аммиак пен көміртегі оксиді деңгейінің жоғары екендігі анықталды. Улы газдардың бұл құрамы 7 адамның улануына, оның ішінде 2 баланың өліміне әкелген", - деді Әсима Жарылғасова.

Ол үйді өз бетінше зарарсыздандырмақ болған пәтер иесінің бұл дәріні Алматыдағы базардан сатып алғанын мәлімдеді.

Айта кету керек, осыған дейін бұл оқиға салдарынан зардап шеккендердің жағдайы туралы жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу