Пәтер ұрыларынан қалай қорғануға болады?

947

ІІМ Криминалды полиция департаменті аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Сағындық Жантеміров пәтер ұрыларынан қалай қорғануға болатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Пәтер ұрыларынан қалай қорғануға болады?

"Ұрылар пәтерге кіру үшін дағдысы мен тәсілін үнемі жетілдіріп отырады. Олар заманауи техниканы, ұялы телефонды пайдаланады, әрі есіктер мен құлыптарды ашу үшін арнайы құралдарды сатып алады және өздері жасайды", – деді Сағындық Жантеміров ІІМ-де өткен брифингте.

Полиция қызметкері пәтер ұрыларынан сақтану үшін қазақстандықтарға кеңес берді:

- Есікке сапалы құлып пен ысырма орнатыңыз. Тойтармасы бар (заклепка) ойма құлып сатып алыңыз. Есікті құлыптағанда кілтпен көбірек бұрап барып жапқан абзал, себебі ұрыларға бұлай жабылған есікті бұзу қиындау болады. Темір есік сапалы болатынын ұмытпаңыз. Есік пәтердің ішіне қарай ашылмауы маңызды (оны бұзу қиын), әрі есік пен есіктің жақтауы арасында бос орын болмауы керек.

- Ұрылар үйге көбінесе есік арқылы емес, терезе арқылы кіреді. Олар пластикалық терезелерді аша алады. Сондықтан терезеге стационарлық торлар орнатқан жөн. Себебі, оларды ұрылар кесе алмайды немесе жұлып ала алмайды. Торлар тек бірінші, екінші, үшінші қабаттағы пәтерлердің терезелеріне ғана емес, терезелері кіреберістердің күнқағарларына қарайтын немесе терезелері газ құбырлары мен өрт сөндіру баспалдақтарының жанында орналасқан терезелерде де болуы шарт. 

- Шыныға тапсырыс беру  қызметі де бар. Пәтер ішінен әйнекке арнайы пленка жабыстырылады, ол бірнеше күннен кейін әйнекпен бірігеді. Мұндай терезені таспен немесе балғамен сындыра алмайсыз. 

- Терезелерді қорғаудың тағы бір әдісі – роликті жалюзи. Мұндай "жалюзи" – жазғы саяжайға немесе жеке үйге арналған. Оларды сыртынан аша алмаймыз, бірақ ішінен батырманы басу арқылы жалюзиді ашып, жабуға болады.

- Кәсіби дабыл қызметін орнатуға болады. Үйге бөтен біреу кірген жағдайда дабыл іске қосылады. Осылайша, қырағы көршілеріңіз сіз үйде болмағанда полиция шақырады. 

- Автономды GSM дабыл жүйесін орнату. Үйге ұры кірген жағдайда құрылғы көрсетілген телефон нөміріне, яғни үйдің иесіне SMS жібереді немесе қоңырау шалады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу