Пәтерінде жарылыс болған әскери қызметшінің жағдайы орташа

581

Зардап шегуші Ақтау қаласындағы 35950  әскери бөлімінде  радио операторы, сержант. 

Пәтерінде жарылыс болған әскери қызметшінің жағдайы орташа Фото: inbusiness.kz

"Қазір зардап шегушінің жағдайы орташы. Сол жақ білек буынына травматикалық ампутация жасалды. Бетін күйік шалған. Көптеген жарақат мен күйік қол, аяқ тұсында да бар. Көз айналасы күйіп, жараланған. Қазір есту, көру, сөйлеу қабілеті жақсы",- дейді Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз хатшысы Гүлмира Сүтубаева. 

Еске сала кетсек, жарылыс салдарынан ер адамның қолы жұлынып кеткен.
Бейресми ақпарат көздері таратқан ақпаратқа сүйенер болсақ, әскери қызметшінің пәтеріндегі жарылыс Ридд-5 жауынгерлік гранатасының жарылуынан болуы ықтимал. Зардап шегуші Ақтау қаласындағы 35950  әскери бөлімінде  радио операторы, сержант екен. 1988 жылы туған ол 10 жыл бұрынғы Кадет корпусының түлегі. 

27 шағын аудан, 46 үй мекенжайындағы пәтерден Ридд-5 гранатасының қалдықтары табылған көрінеді. 

Оқиға орнында полиция, прокуратура және әскери полиция күштерінің саперлері жұмыс істегені белгілі.

Бұл жағдай туралы әскери бөлімнен әлі ресми жауап берілген жоқ.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу