Патриоттық тәрбие мәселесі талқыланды

1520

Патриоттық тәрбие мәселесі талқыланды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева Қазақстан Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында болды. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық мемлекеттік органдардың, Қарулы күштердің, қалалық әскери-патриоттық клубтар мен әскери кафедралардың, "Жас ұлан" және "Жас қыран" балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының өкілдері, "Жас ұлан" республикалық әскери мектебінің тәрбиеленушілері қатысқан кездесуде  патриоттық тәрбие мәселелері талқыланды.

Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов жыл сайын "Айбын" жиыны, ерлік сабақтары, "Жігер" әскери-патироттық лагерьлерін өткізу секілді шаралар кешені жүзеге асырылатынын, сонымен қатар жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін талдау барысында осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру және жүйелеу қажеттігін көрсетіп отырғанын хабардар етті.

Қарулы күштер Бас штабы бастығының орынбасары М.Таласов жеткілікті құқықтық және оқу-материалдық базаның болмауы, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің шашыраңқылығы, жастарды тәрбиелеудегі өзекті мәселелерді атап өтті.

Д. Назарбаева Мемлекет басшысы, Парламент және үкіметтік емес ұйымдардың тарапынан патриоттық тәрбиеге баса назар аударылып отырғанын атап өтті. Сенатор еліміздің орта мектептеріне кадет сыныптарын, оқу орындарына алғашқы әскери дайындық сағаттарын қосымша енгізу және Қазақстандағы әскери-патриоттық қозғалысты дамыту стратегиясын әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Шараға сенаторлар Мұхтар Алтынбаев, Георгий Ким, Мәжіліс депутаттары Зағипа Балиева, Бақытбек Смағұл қатысты. Олар жас патиоттардың сауалдарына жауап беріп, мұражай жәдігерлерімен танысты.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу