Павлодар – Астана тас жолында жантүршігерлік апаттан 1 адам қаза тапты

185

Павлодар облысының полиция департаменті жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Павлодар – Астана тас жолында жантүршігерлік апаттан 1 адам қаза тапты Фото: canva.com

"30 шілдеде Достық ауылы маңында Павлодар – Астана автожолында Mitsubishi Pajero автокөлігінің жүргізушісі, алдын-ала мәлімет бойынша, көлікті басқара алмай, аударылып кеткен. Жол-көлік оқиғасының салдарынан жүргізуші оқиға орнында қаза тапты", – деді ведомство.

Полиция департаменті осындай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтау, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, және көлік құралдарының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін ескертеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу