Павлодар-Қызылорда тас жолында болған жол-көлік оқиғасында екі адам қаза тапты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің ақпаратынша HYUNDAI ACCENT және LEXUS RX 300 автокөліктері Павлодар-Қызылорда тас жолының 45-ші шақырымында бетпе-бет соқтығысқан.
"Салдарынан екі көлікті тізгіндеген 45 және 54 жастағы жүргізушілер оқиға орнында жан тапсырған, - деді баспасөз қызметінде. – "Лексус" автокөлігінде болған 2016 және 2018 жылы туған балалар және екінші көлікте болған 45 жастағы әйел ауруханаға жеткізілген. Аталған көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК 345 бабы, 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды".
Облыстық денсаулықсақтау басқармасы баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, балалар бассүйек миынің жабық жарақаты және жұлын ми жарақатын алған.