Бензин құйып аламын деген Павлодар тұрғыны цистернаға құлап, көз жұмды

108

Жүргізуші оқиға орнында жан тапсырды. 

Бензин құйып аламын деген Павлодар тұрғыны цистернаға құлап, көз жұмды Фото: © Sputnik / Алексей Сазонов

Оқиға түнгі уақытта болған. Полиция жазатайым оқиға бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жазатайым оқиға түнгі уақытта Береке және Төртқұдық ауылдарының арасында, 55-ші километрде болған. MAN маркалы ершікті тартқыштың автоцистернасына түсіп кеткен жүргізуші көз жұмды. Болжам бойынша цистернадағы бензиннен ыдысқа құйып алмақшы болып ішіне еңкейген болуы ықтимал. Сол уақытта бензин толы цистерна ішіне құлап кеткен", – деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Аталған оқиға кезінде цистерналы көлікте өзге де адамдар болған. Марқұм бензин буына тұншығып қалғандықтан оны құтқарып қала алмады.

Ер адам Павлодар қаласының тұрғыны. Полиция қазір жазатайым оқиға дерегі бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу