Павлодар мен Абай облысын жалғайтын жолда 36 жолаушы құтқарылды

Олар отырған автобус істен шыққан.  

Павлодар мен Абай облысын жалғайтын жолда 36 жолаушы құтқарылды Фото: ТЖД

Павлодар ауданы Май ауданы Қаратерек ауылынан 20 шақырым қашықтықта 36 жолаушысы бар автобус тоқтап қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Оқиға орнына дереу полиция мен төтенше жағдай қызметкерлері жетті. Олар істен шығу себебінен тоқтап қалған автобустан 36 адамды, оның ішінде 13 баланы эвакуациялады.

Белгілі болғандай, жолаушылардың барлығы Семей қаласынан Шымкентке транзитпен бара жатқан Өзбекстан Республикасының азаматтары болып шықты. Жаңбырлы әрі суық күні әбден тоңып қалған шетелдіктер бірден жақын маңдағы жылыту пунктіне жеткізіліп, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Сала мамандарының үйлесімді әрекет етуінің нәтижесінде барлық жолаушының жағдайы жақсы, оларға медициналық көмек керек емес. Ал автобустың өзі көршілес елді мекенге жеткізілді. 

Еске сала кетейік, өткен жұма күні Павлодар облысының аумағында Өзбекстан азаматтарының қатысуымен тағы бір қайғылы жағдай орын алған еді.

"Павлодар – Қызылорда" автожолының Шідерті кентінен шамамен 10 шақырым жерде 50 жұмысшы отырған автобус жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіне аударып алған. Салдарынан бір адам қаза тауып, 17 шетелдік Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілген еді. Бүгінде екі науқас жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Тағы екі адам травматология бөліміне ауыстырылды. Ал өзгелеріне амбулаторлық жағдайда ем көрсетілетін болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу