Павлодар мұнай-химия зауыты сұйытылған газ өндірісін тоқтатуы мүмкін

614

Оған газ желісі ұйымдарының сұйытылған көмірсутек газын уақытылы шығармауы себеп.  

Павлодар мұнай-химия зауыты сұйытылған газ өндірісін тоқтатуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Павлодар мұнай-химия зауыты сұйытылған газ өндірісін тоқтатуы мүмкін, деп жазады inbusiness.kz кәсіпорынның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, Павлодар мұнай-химия зауытының сұйытылған газ парктерінде орналастыруға болатын сұйытылған көмірсутек газының максималды массасы 3600 тоннаны құрайды. 2023 жылғы 11 қаңтардағы жағдай бойынша кәсіпорында 2857 тонна сұйытылған көмірсутек газы болды. Кәсіпорында оның тәуліктік өндірісі 1000-1050 тоннаны құрайды.

"Егер мұндай жағдай сақталатын болса, "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС сұйылтылған газ өндірісін тоқтату үшін бірқатар технологиялық қондырғыларды тоқтатуға мәжбүр болады. Бұл бензин мен дизель отынының өндіріс көлемінің қысқаруына әкеледі. Бекітілген өндірістік бағдарламаның орындалуына кедергі келтірмеу үшін кәсіпорын басшылығы 2023 жылғы қаңтарға арналған тауар биржаларынан тыс сұйытылған көмірсутек газын жеткізу жоспарына сәйкес, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Жетісу облыстары және Алматы қаласының әкімдіктерінен сұйытылған көмірсутек газын кәсіпорыннан уақытылы шығаруға көмек көрсетуді сұрайды", - делінген зауыт хабарламасында.

Еске салайық, осыған дейін Атырау мұнай өңдеу зауытының жанар-жағармай шығаратын негізгі желісі жұмысын тоқтатқанын жазған болатынбыз.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу