Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты

603

Атырау мұнай өңдеу зауытының жанар-жағармай шығаратын негізгі желісі жұмысын тоқтатты.  

Атырау мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты Фото: egemen.kz

Оған себеп, кәсіпорында өндірілген сұйылтылған газды өзге өңірлерге тасымалдауда кідіріс пайда болған, деп хабарлайды inbusiness.kz "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Басты мәселе - өндірілген өнімнің уақытылы тасымалданбауында. Соның салдарынан қоймада бос орын жоқ. Қазір газ сақтау паркінде 800 тонна өнім жиналып тұр.

Парктің сыйымдылығы – 810 тонна ғана. Сол себепті мұнай өңдеу зауыты 10 қаңтардан бастап каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын амалсыз шектеп отыр. Бірқатар технологиялық қондырғының тоқтауы зауыт өндіретін басқа өнімдердің шығуына да қолбайлау болып тұр.

Атап айтқанда, сұйылтылған көмірсутегі газы тәулігіне 500 тоннадан 20 тоннаға дейін, автобензин 6000 тоннадан 1500 тоннаға дейін, ал дизельді отын тәулігіне 4000 тоннадан 2000 тоннаға дейін азайды.

"Басты мәселе өндірілген өнімнің уақытылы тасымалданбауында. Бізден сұйылтылған газ алатын өңірлер оны автокөлікпен тасымалдайды. Ол өнімсіз. Сондықтан вагон-цистерналармен тасымалды қолға алу керек. Бірақ оның тарифы қымбат. Теміржол шығыны газдың бағасына қосылады. Оған ешкім келіспейді. Сол себепті өндірісті тоқтатуға тура келді", - деді "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратов.

Осыған байланысты Атырау МӨЗ қоймадағы мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі белгілеген тәртіпке сәйкес уақытылы экспорттау бойынша шаралар қабылдауды сұрап отырғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу