Павлодар мұнай өңдеу зауыты биоэтанол сатып алмақшы

692

СҚО-да 8 жыл тоқыраған бидай өңдеу зауыты бидайдан жанармай шығарады.

Павлодар мұнай өңдеу зауыты биоэтанол сатып алмақшы

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов биоэтанол өндірсіне бағытталған жобаның қазіргі жай-күйін баяндап берді.  

"Сегіз жылдық тоқыраудан кейін бидайды терең өңдейтін "Bio Operations" ЖШС-нің жұмысы қайта жанданды. Зауытты жаңғыртудың үшінші кезеңі аяқталуға жақын. Инвесторлар бұл жобаға 12 млрд теңге салды. Енді кәсіпорын бидайдан крахмал, желімтек, глютен сияқты өнімдермен бірге биоэтанол өндірмек. Бұл өнімге сұраныс өте жоғары. Қазірдің өзінде Павлодар мұнай өңдеу зауытына өнім жеткізу туралы алдын ала меморандум жасалды. Алғашқы кезеңде жылына 20 мың тонна биоэтанол шығару жоспарланған. Біртіндеп бұл межені 36 мың тоннаға дейін жеткізуге болады. Осылайша біз елдің аталмыш өнімге деген сұранысын толық қамтимыз", - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу