Павлодарда Наурызды тойлау үшін орталық алаңда 70 киіз үй тігіледі

1034

Павлодарда Наурызды тойлау үшін орталық алаңда 70 киіз үй тігіледі

Павлодарда 30-сәуір күні Наурыз мерекесін тойлау үшін, орталық алаңда 70 киіз үй орнатылады. Бұл туралы бүгін облыстық әкімдікте өткен кеңейтілген аппараттық жиында  өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Райымбеков айтты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

"Ұлыстың ұлы күнін ауқымды деңгейде атап өту  мақсатында орталық алаңда жұмыстар басталып кетті, - деді Ардақ Райымбеов. - Аудандар мен қалалардың, ірі мекеме-ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларына киіз үй құру, қосымша алаңдар орнату бойынша ұсынымдар әзірленіп жіберілді.  Киіз үйлер  сегіз ауылға бөлінеді: "Мәңгілік ел", "Ынтымақ", "Бірлік", "Достық", "Татулық", "Келісім". Аталған ауылдардың жетеуінде облыс тұрғындары мен қонақтарына тағамдардан дәм таратылады. Шағын сахналарада театрландырылған қойылымдар мен концерттер, ұлттық ойындар ұйымдастырылады".

Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, орталық саханаға қарама-қарсы орналасқан "Мәңгілік ел" этноауылында қазақ елінің даму тарихына  арналаған хронологиялық үлгіде ауқымды көрме кешені құрылады.

5-сәуір  күні  бөлім басшыларымен  өткізілген жиын барысында  электрмен жабдықтау, спорттық шаралар мен сауда орындарын анықтау, қауіпсіздік мәселелері  қарастырылған. Сонымен қатар ұлттық ойындар, цирк, балалар алаңдары, қолөнер көрмелері жұмыс  істейді.

Орталық жағажайдың жоғарғы жағында арқан тартыс, қошқар көтеру, армрестлинг, гір көтеру, қазақ күресі және "Павлодар барысы"  турнирі ұйымдастырылады. Облыс әкімі Болат Бақауов басқарма басшысынан биылғы жылы мерекелік шараға қандай жаңашылдық енгізілгені жөнінде сұрап, бағдарламаны қарастыруды тапсырды.

"Наурыз – ұлттық мереке, - деді өңір басшысы. - Жылдың жылы мезгілі. Екі күн қатарынан тойлаймыз. Сондықтан жан-жақты талқылап, "Рухани жаңғыру"  бағдарламасын жүзеге асыруға көңіл бөлу қажет".

Ардақ Райымбеков ҚР мәдениет министрлігінің ұсынысы бойынша Қыдыр Атаның қатысуымен балаларға арналған үлкен шара жоспарланып отырғанын жеткізді. Бұдан басқа, облыстық білім беру басқармасымен әзірленген  көпшілік арасында асық ойынына арналған кітаптың тұсауы кесіледі. Сондай-ақ, концерттік бағдарламаға биыл облыстың барлық ауданынан бір-бір әншіден шақырылады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу