Павлодар облысынан 30 мың оқушы "ЭКСПО-2017" көрмесіне тегін баратын болды

748

Павлодар облысынан 30 мың оқушы "ЭКСПО-2017" көрмесіне тегін баратын болды

Биыл жазғы демалыста Павлодар облысынан 30 мыңнан жас өрен "ЭКСПО-2017" көрмесін тамашалауға барады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz .
Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Ернұр Дәуенов:

-  Астана қаласында өтетін халықаралық көрмеге өңірден оқу үздіктері мен жетім және аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларының балалары барады, - деді.

Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 107 миллион 800 мың теңге қарастырылыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу