Павлодар облысында 3 көлік соқтығысты

518

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.  

Павлодар облысында 3 көлік соқтығысты Фото: polisia.kz

Екібастұзда 3 көлік соқтығысты, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Оқыс оқиға 29 наурызда кешкі сағат 20:15 шамасында қаладағы Әуезов-Абай көшелерінің қиылысында болған: Nissan Primera, Mitsubishi Delica және Chevrolet Cobalt көліктері соқтығысқан.

Көлік апаты салдарынан Chevrolet Cobalt аударылды. Онда отырған 2 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу