Павлодар облысында 369 ауылда су сапасы тексерілуде

1063

Өңірдегі Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мәліметінше бұл жұмыс барысы тамыз айының соңына дейін жалғасады. Қыркүйекте судың сапасы жайлы толық анықтама беріледі.  

Павлодар облысында 369 ауылда су сапасы тексерілуде

Департамент басшысы Ирина Сорокинаның айтуынша, тексеру нәтижелері шыққан соң, ауылдарды таза ауыз сумен қамту жұмысы одан әрі жүргізіледі. Ауылдарда тұратын тұрғындардың ауруға шалдығу себептерінің су сапасына байланысы бар жоғы да зерттеледі. Судың сынамасы құбырлардан, блок-модульдардан алынуда. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Нәтижесінде, Ертіс ауданы, Екібастұз қаласына қарасты ауылдық аумақтардағы судың сапасы күткен деңгейде болмай шыққан. Жекелеген құдықтардағы микробиологиялық жағдай әр ауданның ауылдарынан байқалыпты. Мысалы, қала іргесіндегі Мойылды ауылында күніне 1000 литр таза су тұтынады. 10 литр судың бағасы – 5 теңге. Кешенді блок модуль жөндеуден өтіп, тұрғындарға таза ауыз су беруде. Ауылыдағы КБМ, су мұнарасы, кәріз жүйелеріне мердігерлер қарауында. Су сапасын, сүзгілердің уақытылы ауыстырылуын да бақылайды. Әр ауылға осындай мердігер қажет-ақ. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы судың сапасның нашарлығы денсаулыққа әсерін тигізетінін айтуда. Өңірде несеп-тас ауруы мен гастроэнторологиялық патологиясы бар тұрғындар көрсеткіші жоғары деген мәлімет беруде. Өңірдегі ауылдық аумақтарда 221 мың 261 адам тұрады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу