Павлодар облысындағы алты жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады

117

Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.  

Павлодар облысындағы алты жұмысшының қазасы: Полиция 3 күдіктіні ұстады Фото: polisia.kz

Павлодар облысында кәсіпорындардың бірінде 6 жұмысшының қаза табуына қатысты қылмыстық іс бойынша күдіктілер ұсталды. Өңірлік полиция департаменті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Осыған қатысты Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми түсінік берді. Белгілі болғандай, аталған факті бойынша облыстық полицияның тергеу басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

"Қылмыстық іс аясында істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдарының кешені жүргізілуде. Қазіргі уақытта үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды", – делінген жауапта.

Айта кету керек, қайғылы оқиға 20 шілде күні Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Жоламан ауылында болды. Кәріз құдығындағы газ иісі 6 адамның өмірін жалмады. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу